Владимир Ким VS Тимур Турлов. НЕГЕ «Альфа-Банкті» жұту операциясы олигархтар жекпе-жегімен аяқталуы мүмкін?
«Альфа-Банк» үшін «Фридом Финанс», «Bank RBK», «Еуразиялық банк» пен «Orbis Group» таласуда. Nege.kz дереккөзінің мәліметінше, осы үміткерлердің ішінен «Bank RBK» өз мақсатына жетуге анағұрлым жақын тұр. Бірақ, Фридом Финанстың да қайтқысы жоқ.
Нәтижесінде кіммен келіссөзге келгенін «Альфа-Банк» осы аптада жариялауы тиіс. Банктің өзі жақсы актив, бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, оны біршама тиімді дисконтпен сатып алуға болар еді, дейді сарапшылар.
2021 жылы «Альфа-Банктің» негізгі қаржылық көрсеткіштері жақсы өсті. Соңғы бір жылда банк активтерінің 147 млрд теңгеге ұлғайғанын көріп отырмыз. «Альфа-Банк» несие портфелі 58,5 пайызға артып, қоржыны 206 миллиард теңгені құрады. Сонымен бірге, былтырғы таза табысы 32,9 миллиард теңге болды.
«Альфа-Банк» АҚ ЕО 2021 жылдың қортындысы бойынша жылдық есебі. Аудитор: PWC
Bank RBK-ның «Альфа-Банкті» сатып алуға шамасы жете ме? 2021 жылдың қортындысы бойынша Альфа капиталының 124 миллиард теңгені құрағанын ескеру керекпіз. RBK капиталы одан да аз, бар-жоғы 96 миллиард теңге. Осыған қарап, «Bank RBK» акционері Владимир Кимнің қосымша шығындалатынын байқауға болады.
-
Тақырыпқа орай: «Freedom Finance Bank» Nege.kz-пен НЕГЕ келіспеді?
«Қазір бізде сатуға қойылған екі портфель бар – Альфа мен Сбербанк», - дейді, қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов. «Сатып алғаннан кейін де, олардың кредиттік портфелін мұқият бақылап отыру керек».
«Жалпы, қазір біздің банктердің ресейлік портфельді сатып алуын тым асығыс шешім деп ойлаймын. Сбер, Альфа мен ВТБ-ның жағдайы тым мүшкіл. Ресей мен Қазақстан экономикасы да нашарлап барады. Сондықтан, аталған банк портфельдерін артынан 40-50% дисконтпен-ақ сатып алуға болар еді»
Nege.kz дереккөзінің айтуынша, «Альфаны» алуға Фридом Финанс та қатты ниеттенген еді. Оларға жаңа банктерін басқа портфель есебінен өсіріп, нарықтағы үлесін арттыру ауадай қажет болып тұр.
Бірақ Тимур Турлов Владимир Кимнің жолын кесе ала ма? Бар әңгіме сонда. Егер Фридом Финанс Альфаны алайын деп отырған Владимир Кимге кедергі келтірсе, онда Сбербанкты сатып алу кезінде Тимур Турловқа Владимир Ким дәл сондай жауап беруі мүмкін.