USD
USD
USD

СҚО-да анасы 11 жастағы қызын үй тапсырмасын дұрыс орындамағаны үшін пышақтап тастады

Солтүстік Қазақстан облысында 40 жастағы әйел адам қызын үй тапсырмасын орындамағаны үшін пышақтап тастаған.

Бала сабақ орындап отыр
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Оқиға Уәлиханов ауданы Өндіріс ауылында 17 қыркүйекте болған. Қыз бала аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр.

Бала құқықтары жөнінде уәкіл Динара Зәкиева оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл іс СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жеке бақылауына алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша 40 жастағы әйел қызымен үйге берілген тапсырманы орындап отырып, ашуына ерік беріп, 11 жастағы қызына пышақ сұғып алған.

Отбасының 6 баласы бар. Зардап шеккен ерлі-зайыптының тұңғышы, 2013 жылы туған қыз бала. Жалпы үш ұл, үш қыз тәрбиеленіп жатыр, ең кішкентайлары небары 2 жаста ғана. Ата-әжесі бірге тұрады. Әйел жергілікті шаруашылықта аспаз болып жұмыс істеген. Айналасындағылар отбасы жайлы тек жақсы пікір білдіруде. 

Бұл іске қатысты Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де пікір білдірді.

«Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетілуде. Алдағы уақытта психологиялық көмек көрсетілетін болады. Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік ананы қалған балаларын үйде тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттауы мүмкін

Бензин, дизель

Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтардың қазасына қатысты пікір білдірді

Ербаян Мұхтар

Қазақстаннан Қырғызстанға құны 37 млрд теңге болатын 190 мың тонна бензин заңсыз шығарылған

бензин контрабандасы

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жарияланды

жер сілкінісі