4 Қараша 19:04

Алматы бүгін: ...Басқан жері сықырлап келіп қалды (фоторепортаж)

Фото:

Бүгін түнде Алматыға қалың қар жауды. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар көктайғаққа айналды. Әкімдіктің мәліметінше, қалаға таулы аймақтың жақындығына байланысты қалыңдығы 8-ден 15 сантиметрге дейін қар жауған.

Алматы, NEGE. Бүгін таңда Алматы тұрғындары көлік кептелісі жылы күндерге қарағанда ұзаққа созылғанын айтып шағымданды. Қала тұрғындарының айтуынша, таңертең жолдар тазартылмаған. Аялдамаларға автобустар аз келді, ал таксилер қызмет көрсету бағасын барынша көтерген.

Nege.kz тілшісі фотоаппаратын асынып Алматыны аралап, объективке ілінген көріністерді таспаға түсірді.

Тегтер: