USD
USD
USD

Елімізде алғаш рет қашықтан роботтандырылған ота жасалды

Ота шамамен екі сағатқа созылды.

Ота
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Алматы, NEGE. Қазақстанда алғаш рет ісікті алып тастау бойынша қашықтықтан роботтандырылған операция жасалды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше бірегей хирургиялық ота Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында Бейжің университетінің Бірінші ауруханасымен бірлесіп жасалған. Оған Sagebot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық жүйесі қолданылды.

«Операцияны доктор Ли Сюэ Сун (М.D., Рh.D.) Бейжің қаласында (ҚХР) және заманауи телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып, қашықтан басқарды», — деп жазылған хабарламада.

Алматыда (Қазақстанда) операцияның барысын бақылауды ҚазОРҒЗИ хирург-дәрігері, PhD Хусан Талипбайұлы Өмірзақов жүзеге асырды.

Роботтандырылған хирургия урология, гинекология және жалпы хирургия сияқты салалардағы ең заманауи және тиімді әдістердің бірі саналады.

Бұл әдіс лапароскопияның артықшылықтарын — аз инвазивті қолжетімділікті және тіндердің ең төмен жарақаттануын — 3D-бейнелеу мүмкіндіктерімен, қозғалыстың жоғары дәлдігімен және интеллектуалды бақылау жүйелерімен біріктіреді.

Қазір оқып жатыр

«Байсат» базарын ERG бас директорының компаниясы сатып алғаны мәлім болды

Байсат

Уәде етілген сомадан аз ақша берген: Алматыда криптонесиеге қатысты алаяқтық дерегі тексерілуде

Алаяқтық

Тоқаев «Ғаламат жұт шежіресі» еңбегінің авторын І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Валерий Михайлов

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды

Қазақстан құрамасы