7 Қыркүйек 20:31

Зарина Дияс Түркияда бақ сынайды

Фото:

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Ыстанбұл WTA турнирінде бақ сынайды.

Алматы, NEGE. Әлемнің 69-ракеткасы З.Дияс алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 106-орында тұрған Беларусь өкілі Александра Сасновичпен шеберлік байқасады.

Рейтингісі төмен болғанымен, А.Саснович оңай шағылатын жаңғақ емес.

Ол US Open турнирінің үшінші айналымына дейін жетіп, онда 4 қыркүйек күні тағы бір қазақстандық, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцеваға 6:3, 2:6, 1:6 есебімен есе жіберді. Енді араға төрт күн салып, 8 қыркүйекте З.Дияспен кортқа шыққалы отыр.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Ыстанбұл жарысы (жүлде қоры 251 750 АҚШ доллары) 13 қыркүйекте мәреге жетеді.

Өткен жылы бұл додада хорватиялық теннисші, өткен түнде US Open жарысының төртінші айналымында Ю.Путинцевадан ұтылып қалған Петра Мартич жеңімпаз атанған еді.

Тегтер: