15 Қазан 11:06

 УЕФА Чемпиондар лигасының ережесін өзгертті

Фото:

Коронавирус пандемиясының жалғасуына байланысты УЕФА Атқарушы комитеті футзалдан 2020/21 жылғы Чемпиондар лигасының форматына бірқатар өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Жаңа ережеге сай, алғашқы кезеңнің жеребесі 27 қазанда тартылады. Ал бұл кезеңдегі ойындар қарашаның 24 мен 29 аралығында өтеді. Оған коэффициенттер кестесіндегі рейтингте ең төрменгі орында тұрған 46 команда қатысады (олардың арасында «Ақтөбе» МФК бар). Олар жарыстың келесі кезеңіне берілетін 23 жолдамаға таласады. Содан кейін осы 23 команда турнирдің қазіргі жеңімпазы «Барселоне» және рейтингте жоғары орында тұрған сегіз командаға (бұл қатарда «Қайрат» АФК бар) қосылып, үздік 32-лік сынға түседі. Бұл кезеңнің жеребесі 2020 жылдың 4 желтоқсанында, ал матчтары 2021 жылдың 12-17 қаңтары аралығында өтеді деп жоспарланған.

Бұл кезеңде келесі кезеңге өтетін 16 команда анықталады. Ал үздік ол алтылықтың жеребесі 20 қаңтарда тартылады. Бұл кезеңнің ойындары 2021 жылдың 16-21 ақпан аралығында өтеді. Осы кезеңнің нәтижесі бойынша кубокқа таласатын сегіз клуб анықталады. Дәстүрлі «Төрттік финалдың» орнына сегіз командалық турнир түрінде өтеді - ширек финал, жартылай финал және финал. Бұл кезеңдердің өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады. Айта кетерлігі, алаң қожайындары финалдан басқа барлық кезеңде жеребе бойынша анықталады. УЕФА клубтарға қаржылай қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Әр кезең сайын УЕФА әр команданың халықаралық іссапар шығындарын өтеуге 10000 еуро бөледі. Естеріңізге сала кетейік, 2020/21 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасында Қазақстан атынан «Қайрат» АФК мен «Ақтөбе» МФК қатысады.

Тегтер: