USD
USD
USD

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қорлап, видеоға түсіргенін мойындады

Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Сот қылмыстық іс материалдарын зерделеуді жалғастырып, сотталушы Қ.Бишімбаевтың ұялы телефонын зерттеді.

Судья Айжан Құлбаева сотта Бишімбаевтың ұялы телефонындағы видеоларды көрсетті. Видеода Бишімбаевтың Нүкеноваға балағат сөздер айтып, оның бұрынғы жеке өмірін айыптағаны таспаланған.

Бастапқыда Бишімбаев таспаны «монтаж» деп түсіндірген еді. Алайда кейіннен оларды өзі түсіргенін мойындады.

Сот Бишімбаевтан неліктен бұлай істегенін сұрады.

«Қорлыққа қорлықпен жауап бердім», – деп жауап берді Бмшімбаев.

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Нүкенованың беті қан болғанына, соңғы бейнематериалдарда көздері ісіп, тіпті аша алмай қалғанына назар аударды. 

«Мен өлімге әкелетін қаупті көрмедім, оған бірдеңе болуы мүмкін деп ойламадым», – деді Бишімбаев.

Қазір оқып жатыр

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік