Демеу Жадыраев Қазақстан қоржынына 45-ші жолдаманы сыйлады
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде грек-рим күресінен Демеу Жадыраев Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Алматы, NEGE. Бұл ел қоржынына түскен 45-ші жолдама.
77 келі салмақтағы ұлттық құраманың тәжірибелі балуаны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев жартылай финалда Оңтүстік Корея балуанын 5:2 есебімен ұтып, Франия астанасы Парижде өтетін биылғы жылдың басты додасына жолдама жеңіп алды.
Енді грек-рим күресінен Олимпиада жолдамасына таласатын бір ғана балуанымыз қалды. 130 келі салмақта жартылай финалға шыққан отандасымыз Әлімхан Сыздықов Бішкектегі соңғы лицензияға таласады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 60 келідегі Айдос Сұлтанғали жартылай финалда Тайпей өкілі, Азия чемпионатының қола жүлдегері Жуи Чи Хуангтан басым түсіп, Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған болатын.
Өкінішке қарай 67 келіде ел намысын қорғаған Мейіржан Шермаханбет жартылай финалда 2023 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Киотаре Согабеге (Жапония) жол берді.
Аталған турнирде жолдама тек финалға шыққан балуандарға беріледі. Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының 12 жолдамасы сарапқа салынып жатыр.
Қазір оқып жатыр
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды
Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ