12 Қаңтар 09:26

Трилогияның күні жақындап қалды

Фото:

Әлемдік бокс тарихында отандасымыз Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі алтын әріппен жазылуы мүмкін. Осыған дейін екі мәрте кездескен қос спортшы жанкүйерді ерекше әсерге бөледі. Ендігі «трилогия қашан болады» деген сауал көпке қызық-ақ. 

Алматы, NEGE. Белгілі американдық инсайдер The Athletic Майк Коппинджер бір жанкүйердің Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы трилогия туралы сұрағына «Бұл жекпе-жектің боларынан үміттімін, күзде болып қалар» деп жауап берді.

Бұған дейін промоутер Эдди Хирн қыркүйекте үшінші кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізген болатын.

Тегтер: