Президент кубогы өткізілмейтін болды
14 шілде, 18:47

Елордада жыл сайын ұйымдастырылатын шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогы биыл өткізілмейді. Бұл жөнінде «Барыс» командасы мәлім етті.
Алматы, NEGE. Аталған турнир 7-11 тамыз күндері өтуі тиіс еді.
Оған елордалық «Барыстан» өзге Оңтүстік Корея құрамасы, Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) және Беларусьтың «Динамо» (Минск) командаларының қатысуы жоспарланған болатын.
Ел Үкіметінің шешімімен карантиндік шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды.
Осыған орай «Барыс» маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын 3 тамыздан кейінге шегеру туралы ұйғарымға келді.
Ал жылма-жыл ұйымдастырылып жүрген Қазақстан Президенті кубогын өткізілмейтін болды.