14 Қараша 19:00

Данияр Елеусінов жекпе-жекке қашан шығады?

Фото:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) IBF Intercontinental титулы үшін жекпе-жекке шықпақ, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Данияр Елеусінов 27 қарашада IBF Intercontinental титулы үшін бұрынғы әлем чемпионы Джулиусо Индонгоға (23-2, 12 КО) қарсы жекпе-жекке шықпақ.

Айта кетейік, Елеусінов-Индиго жекпе-жегі сәуір айында ұйымдастырылуы тиіс еді.

Алайда, пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Данияр соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізді.

Ол америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Тегтер: