13 Желтоқсан 19:31

Ақтөбеде Қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтеді

Фото:

Екі дүркін чемпион Айбек Нұғымаровты жеңіп, «Әлем Барысы-2019» атанған ресейлік палуан Роман Бобиков Ақтөбеде 15-16 желтоқсанда өтетін Qazaq Kuresi Әлем Чемпионатына қатысатындығын растады.

Алматы, NEGE. «Биыл мен қазақ күресіне өте мұқият дайындалдым. Маусым айынан бастап жаттығуларға белсенді кірістім, қарсыластарымды зерттедім, олардың жекпе-жегін бақылап, әр спортшының өзіндік техникасын білдім де, соған сәйкес өзімнің тактикамды жасадым. Бұл маған «Әлем Барысы-2019» финалында жеңімпаз атануға көмектесті. Енді менің бұл тәжірибем Qazaq Kuresi Әлем Чемпионатында да көмектеседі деп сенемін», – дейді Роман Бобиков. Ресейлік спортшы +100 салмақта және абсолютті салмақта белдесетін болады.

Qazaq Kuresi бүкіл әлемде дамып келеді. Қазір Федерация құрамында 29 ел бар. Ақтөбеде өтетін Әлем чемпионатына алғаш рет Корея, Франция, Ауғанстан және Испания елдері қатысқалы отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе қаласында өтетін Qazaq Kuresi Әлем Чемпионатына 40-тан астам елдің спортшылары қатысады. Чемпионатта 8 шетелдік және өз еліміздің 12 төрешісі төрелік ететін болады.

Тегтер: