58 жастағы кикбоксшы Лаура 21 жасар қарсыласын жеңді
15 желтоқсан, 17:26
Кикбокстан өткен Shamrock FC турнирінде 58 жастағы спортшы Лаура Ли Джонс қарсыласы 21 жастағы Рэй Остемповскиді жеңді, деп жаһандық БАҚ өкілдері сүйіншілеп жатыр.
Алматы, NEGE. Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Лаура Ли Джонс қарсыласына бірнеше жойқын соққы жасағаннан соң төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша 58 жастағы спортшы Лаура Ли Джонс Shamrock FC турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.