24 Мамыр 18:01
...

«Шіріген» тамақ береді: Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша айыпталған азаматтар мәлімдеме жасады

Фото:

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша айыпталушылар тергеу изоляторының әкімшілігі адамдардың улануы үшін әдейі шіріген тамақ беретіндігін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Оның үстіне, олардың айтуынша, тиісті медициналық көмек көрсетілмейтін көрінеді. 

Айыпталған азаматтардың сот отырысында айтқан мәлімдемелерінің видеосы тарады. 

«Міне, мынау бізге түскі тамаққа ет қылып бергені. Бұл бірінші күн емес, күнде осындай. Ішіп жатқан тамағымыз осы. Алып, иіскеп көріңіздер. Иісі шығып кеткен. Біз адамбыз ба? Итпіз бе? Ұқпай қалдық», - дейді видеода. 

Тегтер: