21 Қыркүйек 13:27
...

Біртановтың басына да бұлт үйірілді ме?

Фото:
Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің екі айға қамалғанын бұған дейін жазғанбыз. Бүгін қаржы министрлігінің қаржылық миониторинг комитетінің төрағасы Жанат Элиманов

О.Әбішевтің ісіне қатысты біраз жайтты мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте былай деді: «Ақпараттық жүйе құру үшін бөлінген 500 млн теңгені талан-таражға салды деген күдікпен Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің үстінен тергеу жүріп жатыр. Әбішев жұмыс атқарылмағанын біле тұра, жұмыс атқарылды деген актіге қол қойып, ақша төлеген. Қазір ол жүйе жұмыс істемейді. Осы істің аясында бюджет қаржысын шығындау дерегі бойынша басқа да жайттар тексеріліп жатыр». 

О.Әбішев

Тұрақты оқырманымыздың айтуына қарағанда, бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша басқа да мәселелер әшкереленіп, таяқтың бір ұшы бұрынғы министр Елжан Біртановқа оңбай тиюі мүмкін...

Тегтер: