11 Желтоқсан 11:40

Сирия бойынша келіссөз басталды

Фото:

10 желтоқсанда Түркия, Иран және Ресей делегациясы Сирия бойынша келіссөзге қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келді. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Келіссөз сегіз жылға созылған Сириядағы жанжалды шешуге және соғыстан кейінгі ел Конституциясын әзірлеуге және босқындардың қауіпсіздігі мен оларды орналастыру мәселелеріне арналған. Бұл Астана процесі деп аталатын 14-кездесу болмақ. Бірінші кездесу БҰҰ-ның араағайындығымен 2017 жылы Түркияда өткен.

Қазақстанның стратегиялық институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев Euroactiv сайтында мәлімдегендей, кездесу кезінде Сирияның солтүстігіндегі Идлиб ауданы мен Евфрат жағалауындағы техникалық мәселелер талқыланады.

«Бұл күрделі аудан, онда түріктер де, күрдтер де және «Ислам мемлекеті»тобының қалған террористері де бар», –  деп атап өткен ол.

Қазақстан астанасында өтетін Сирия бойынша келіссөздер БҰҰ араағайындығынан бөлек өтіп жатыр.

Тегтер: