6 Қазан 14:00

Райымқұлованың тағдырын Тоқаев шешеді

Фото:

ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың орынбасары С.Мұсайбеков қылмысты болып, соттың айыптау үкімі шыққанын, енді министрдің отставкаға кету жөнінде Президенттің атына арыз жазуы тиіс екенін ескерткенбіз.

Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың атына ресми сауал жолдағанбыз. Алайда министрліктің берген жауабы екұшты болды. Жауапқа қанағаттанбадық, сол себепті ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың атына да сауал жолдадық. Президент әкімшілігі жауап беруді қайтадан министрлікке тапсырыпты. Министрліктің аппарат басшысы Е.Мұхамадиевтен төмендегідей жауап келді.

«2021 жылдың 15 шілдесінде Алматы қаласының Түркісіб аудандық соты Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбековті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танып, айппұл түріндегі жаза тағайындау туралы үкім жариялады. Үкім 2021 жылғы 30 шілде күні заңды күшіне енді. Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловамен «Қ Р Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 60- бабының талаптары орындалды.

Сонымен қатар, министрлік арызды қабылдау немесе қайтару, мәдениет және спорт салаларын біріктірудің тиімділігін бағалау жоғары тұрған басшылықтың құзырындағы мәселелер екенін хабарлайды».

Яғни, министр А.Райымқұлованың отставкаға кету туралы арызы Президент Қ.Тоқаевтың суырмасында жатыр деген сөз. Ендеше, Райымқұлованың тағдырын Тоқаев шешеді. 

Тегтер: