4 Қаңтар 11:18

Президент демонстранттардан «диалогқа дайын болуды» сұрады

Фото:
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев

Туиттердегі парақшасына Маңғыстау облысындағы жағдайға байланысты құрылған үкіметтік комиссия жұмысқа кіріскенін хабарлады. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс». – деп жазды Тоқаев.

Іле-шала Президенттің парақшасында тағы бір жазба пайда болды. Онда Тоқаев былай дейді: «Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді»,

Тегтер: