22 Желтоқсан 15:41
...

Нұрлан Ермекбаев балабақша басқара ма?

Фото:

Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «қазақстандық әскерде дедовщина жоқ» деп мәлімдеді.

«Совет уақытындағыдай дедовщина сияқты нәрселер қазір әскерде жоқ. Оның бір себебі – қазір әскери парызын бір жыл ғана өтейді. Яғни әскерилердің арасында үлкен жас айырмашылығы жоқ. Айырмашылық – бір ғана шақырту. Жарғыдан тыс қарым-қатынас – конфликтілер, даулар бар. Еркектердің ұжымы арасында мұндай нәрсе бола береді. Бірақ дедовщина, қызметі жоғарылар өздерінен төмендегілерге айтқанын орындатуы жүйелі түрде емес», – деді Қорғаныс министрі.

Министрдің сөзіне қарасаң, құдды бір балабақшаның меңгерушісі сияқты. «Енді сәбилер ойыншыққа таласып, бірін-бірі ұрып жіберуі мүмкін ғой» деп күмілжіп тұрған меңгерушіні еске түсіреді.

Әскердегі әлі бар әлімжеттікті, дедовщинаны «жарғыдан тыс қарым-қатынас» деп жасырып-жапқаннан не шығады? Әлде өзіне-өзі қол салып немесе қатарласын атып тастап жатқан жауынгерлердің біздің әскерге қатысы жоқ па?

Тегтер: