4 Ақпан 09:40

Мехрибан Алиева: Орденіңіз құтты болсын!

Фото:

Әзірбайжанның бірінші вице-президенті Мехрибан Алиева инстаграмдағы ресми парақшасында Полад Булбулоглуды 75 жылдық мерейтойымен және «Гейдар Алиев» орденінің иегері атануымен құттықтады.

Алматы, NEGE. Day.Az сайтының хабарлауынша, бірінші вице-президент өз жазбасында  Әзірбайжан Республикасының Халық әртісі, Әзірбайжан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Полад Булбулоглуға денсаулық тілеп, оның асқан дарыны мен таудай таланты ғаламат туындылар жасауға жол ашқанын, оны келешек ұрпақ мақтаныш тұтатынын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 3 ақпан күні Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев Полад Булбулоглуды «Гейдар Алиев» орденімен марапаттаған. Бұл төсбелгі оған әзірбайжан халқының мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегіне әрі қоғамдық-саяси қызметіне берілген баға екенін жеткізген. «Гейдар Алиев» ордені бұған дейін 25 қайраткерге берілген.

Тегтер: