17 Тамыз 17:53
...
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босады

Ерлан Тұрғымбаев Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақорда, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Е.Тұрғымбаев 2019 жылдың ақпанынан бастап ҚР Ішкі істер министрі лауазымын атқарған. 2022 жылы ақпанда министр лауазымынпан босатылып, Президенттің кеңесшісі болып тағайындалған еді.