USD
USD
USD

Путин президентке әкесі Кемел Тоқаевты Кеңес Одағының Батыры атағымен марапаттау парағын табыстады

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ берілмеген.

Кемел Тоқаев Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барған болатын.

Президент Мәскеуде Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесіп, оны елге мемлкеттік сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ресейде Мьянма Премьер-министрімен, Сербия басшысымен кездесті.

Президент Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан сарбаздарға құрмет көрсетті. Одан кейін Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық