USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Темірхан Медетбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Темірхан Медетбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, қоғам қайраткері Темірхан Медетбектің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

– Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған, төл әдебиетіміз бен өнеріміздің жанашыры болған тегеурінді ақын еді. Көне түркі сарынын жаңғыртқан рухты шығармалары оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Қазақ баспасөзінің өркендеуіне елеулі еңбек сіңіріп, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнегелі өмір сүрді. Соңына әдеби бай мұра қалдырған Темірхан Медетбектің жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды, – делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова