USD
USD
USD

ШҚО-да далаға қоқыс тастағаны үшін 4 мыңға жуық адам жауапқа тартылды

2025 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастауға қатысты 3855 құқықбұзушылық тіркелді. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінен мәлім етті.

қ
Фото: astanatv.kz

Алматы, NEGE. Оның ішінде 2450 адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы (абаттандыру ережелерін бұзу), ал 1405 адам — 434-бабы (қоғамдық орындарды ластау) бойынша жауапқа тартылды.

Облыстық табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, 13 наурыздан бастап айыппұл көлемі артты. Енді:

  • жеке тұлғаларға — 100 АЕК (393 200 теңге),
  • шағын бизнес пен лауазымды тұлғаларға — 200 АЕК (786 400 теңге),
  • орта бизнеске — 500 АЕК (1 966 000 теңге),
  • ірі кәсіпорындарға — 1000 АЕК (3 932 000 теңге) айыппұл салынады.

Мамандардың айтуынша, қоқыс көбінесе ормандарда, қала сыртында және жол бойында тасталады. Мұндай жерлер «стихиялық қоқыс алаңына» жатады.

Тазалықты бақылау күшейтілгенімен, экологиялық тәртіп пен тұрғындардың саналы әрекеті бұл мәселені шешудің басты жолы болып қала бермек.

Қазір оқып жатыр

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі