USD
USD
USD

Отандық ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарын қолдау мақсатында субсидиялаудың жаңа тетігі қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызының тозығы жеткенін айтқан болатын. 

Ауыл шаруашылығы
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. «Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал», - деді Президент.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау шеңберінде Министрлік мынадай шараларды іске асырады.

  1. Шаруалар сатып алған ауыл шаруашылығы техникаларын инвестициялық субсидиялау: мұнда техника құнының 25-30%-ы мемлекет бюджеті есебінен өтеледі.
  2. Отандық ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарын қолдау мақсатында биыл субсидиялаудың жаңа тетігі қабылданды:
  • Отандық өндіріс техникасы құнының 30%-ы субсидияланады;
  • Қазақстанда өндірісі жолға қойылған техниканың импорттық аналогтарын субсидиялау мүмкіндіктері алынып тасталды;
  • Қазақстанда өндірісі жоқ импорттық техниканың түрлері бойынша (қант қызылшасын, мақтаны, картопты және жеміс-көкөніс дақылдарын өндіру және жинау бойынша мамандандырылған техника) субсидия нормативі 25%.

Жаңа тәсіл қосымша бюджет қаражатына иек артпай-ақ отандық ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау көлемін екі еседен астам ұлғайтуға мүмкіндік береді.

  1.  Отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламаларын қаржыландыру:
  • 2023 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ жарғылық капиталын 20 млрд.теңгеге ұлғайтуға жем-шөп дайындау техникасы мен суарудың мобильді жүйелерін қаржыландыру үшін бюджеттік инвестициялар бөлу жөнінде жұмыс жүргізілді.
  • Жылдық 6% жеңілдік мөлшерлемесі бойынша 3,5 мың бірлік жем-шөп дайындау техникасы мен жабдықтары лизингке берілді.

1,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (7-10 жыл кезеңіне 6% ставка бойынша бастапқы жарнасыз) жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша 1600 трактор мен комбайн сатып алды. Бұл машина-трактор паркін жаңарту деңгейін едәуір арттырды.

Қазір оқып жатыр

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Намаз

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Бақытгүл Хаменова

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі

Тоқаев

Қазақстанда тағы бір рақымшылық жариялануы мүмкін

Сталкинг