USD
USD
USD

Стоматологиялық қызмет арқылы зейнетақы қорынан 46 миллиард теңге жымқырған күдіктілердің бірі ұсталды

Жалған стоматологиялық клиникалар арқылы ақша жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінген Аслан Дүйсенов ұсталды.

ҚМА
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Бұл туралы Сенаттағы брифингте Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

«Біріншіден, оның процессуалдық статусы күдікті. Оған сырттай айып тағылып, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті. Осыған байланысты іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, сот санкцияны растады. Тергеу барысында оның төрт клиника ашуға қатысы бары толық дәлелденді және заңсыз әрекеттер нәтижесінде алынған қаржы сомалары да анықталды», — деп жауап берді Жеңіс Елемесов.

Бұған дейін агенттік жалған стоматология ашқан Аслан Дүйсеновке, Ғаббас Иманбаевқа және Есімхан Елеушевке іздеу жариялаған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов