USD
USD
USD

Педофилдерге химиялық кастрация жазасын қолдану тәртібі күшіне енді

Бүгіннен бастап Қазақстанда педофилия қылмысын жасаған адамдарға химиялық кастрация жазасын қолдану тәртібі күшіне енді, деп хабарлайды Kazinform.

Укол
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдану қағидаларына» енгізілген түзетулер аясында жүзеге асады. Жаңа ереже бойынша, химиялық кастрация психиатриялық немесе амбулаториялық медициналық ұйымдарда сот шешіміне сәйкес жүргізіледі.

«Сотталған адамды босатуға алты ай қалғанда, түзету мекемесінің әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жолдайды. Сараптама қорытындысы негізінде химиялық кастрация қолдану туралы шешім қабылданады», – делінген министрлік хабарламасында.

Химиялық кастрация 18 жастан асқан, педофилиялық сипаттағы қылмыс жасаған тұлғаларға ғана қолданылады. Бұл шара соттың заңды күші бар шешімімен ғана жүзеге асырылады және психикалық ауытқуы бар адамдарға қолданылмайды.

Министрлік дерегінше, кейінгі екі жылда елде 96 адамға осындай шара тағайындалған:

2023 жылы - 40 адамға
2024 жылы - 56 адамға.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев