29 Қазан 17:20

Оралда қызғаншақ ер адам әйелін пышақтап тастаған

Фото:

"Мой Город" газетінің хабарлауынша, айыпталушының бұрын сотталғандығын ескере отырып, сот кезінде оған күзет қойылған.

Алматы, NEGE. 2020 жылдың 2 тамызында сотталушы Андрей Кошиков өзімен бірге тұратын нақсүйер әйелі - 42 жастағы Наталья Зуенкомен арақ ішкен. Олар Екінші жұмысшылар ауылындағы көп қабатты үйде орналасқан ер адамның пәтерінде болған. Мұнда азаматтық некедегі жұп арасында қызғаныш негізінде жанжал туған. Кошиков сүйіктісінің үйіне басқа адамды ертіп келгені ұнамаған. Алайда, ол ерте қам жасап, кетіп үлгерген.

Жанжал кезінде Кошиков Зуенконы сабай бастайды. Содан кейін екі қолымен оның иығынан ұстап, итеріп, сыртқа шығарып жібереді. Сөйтіп есікті іштен тарс жауып алады. Бірақ Зуенко өзін ішке кіргізуді сұрап, есікті ұрып-соға береді. Ақыры ер адам ас үйден пышақ алып келіп, әйел сыртынан жабысқан есік тесігінен пышақты сілтей береді. Зуенко бірнеше секундан кейін сылқ етіп құлайды. Өйткені пышақ әйелдің артериялды тамырына тиген. Кеудесіне де пышақ бірнеше рет сұғылған.

- Кошиковтың өміріне ешқандай қауіп болған жоқ. Ол пышақты сілтегенде әйелге тиіп жатқанын байқамағанын мәлімдеді. Бірақ бұл оның кінәсін жуа алмайды. Сот қылмыстың әлеуметтік қауіптілігін ескерді. Бұрын ер адам кісі өлтіру, жол-көлік оқиғасы және жезөкшелер үйін ұстау үшін сотталған. Оның іс-әрекеті ерекше қауіпті рецидив деп танылды. Жазаны төтенше қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуімен бірге, оған 13 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деді судья Бақыт Ермаханов.

Тегтер: