1 Ақпан 18:09
...

Нұрлан Нығматулин НЕГЕ қызметтен босатылды?

Фото:
Бүгін еліміздегі ең ықпалды саясаткер

лердің бірі Нұрлан Нығматулин ҚР Парламент төрағасы қызметінен кетіп, оның орнына бұған дейін Президент әкімшілігін басқарған Ерлан Қошанов келді. Ал Ерлан Жақанұлының орынтағына Мұрат Нұртілеу жайғасты. Nege.kz тілшісі елдегі ауыс-түйіске байланысты депутаттардың пікірін білді.

Экс-президент Н.Назарбаевтың туыстары жоғары лауазымды қызметтерден кетіп жатқан кезде Нұрлан Зайроллаұлының орнын босатуын әркім әртүрлі түсінді. Экс-төрағаның «оқшантайдан» түсіп қалуына не әсер етті?

Қаңтар дүрбелеңі басталғанда ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бір емес бірнеше рет халықты сабырға шақырып, мәлімдеме жасағаны есте. Ал сол кездегі Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулиннің дауысы естілмеді. Тек Тоқаев билікті толықтай қолына алған кезде, яғни 10 қаңтар күні «еліміз үшін күрделі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барлық шешімдері мен батыл қадамдары бірегей және уақытылы» айтты.

Елдегі дүрбелең кезінде Нұрлан Нығамтулин бір апта бойы неге үнсіз жатты? Бұл оның экс-президентті қолдағанын білдіре ме? Әлде үнсіз қалуы «қай жеңгенің менікі» деген ұстаным ба?

Осы және өзге де сұрақтарды Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбайға қойған едік.

«Оны өзінен сұраңыз!»

Д.Мыңбай.

– Оны өзінен сұраңыз. Алайда ол кезде Мәжіліс депутаттары үнсіз қалды деп айта алмаймын. Әр депутаттың өзінің құқығы мен қалауы бар. Ол кісінің қаңтардағы оқиғаға қатысты сөйледі ме, сөйлемеді ме, есімде жоқ екен. Жалпы мен кез келген мемлелекеттік қайраткер, кез келген депутат бұл тақырыпқа байланысты өз ойынын білдіруге тиіс еді деп ойлаймын. Өйткені бұл – біздің мемлекетіміздің тарихындағы халыққа ауыр тиген қиын жағдай.

Бірақ мен тап осы мәселеге байланысты ауыс-түйіс болды деп айта алмаймын. Өйткені мемлекет басшысы «Мәжілісте трансформация болуы керек. Мәжілістің жұмысын қайтадан реформалау керек» деп айтты  ғой. Осыған байланысты тиісті кадрлық өзгерістер болып жатуы заңды дүние.

Әр кезеңнің өз міндеті болады. Бәлкім, қазір мемлекет басшысының Мәжілістің алдына қойып отырған талаптары мүлде басқаша болуы мүмкін. Мысалы президент Парламентте көп партия болып, демократиялық алаңға айналуы керек деген сияқты мәселе қойды. Осы арқылы заңдардың сапасын көтеруді көздеп отыр.

Ал алдыңғы шақырылымдағы Мәжілістің міндеттері басқаша болды. Сондықтан  да бұған біз түсіністікпен қараумыз керек.

– Сарапшылар «Қаңтар көтерілісі кезінде Назарбаев пен Тоқаевтың арасында қақтығыс болды» дегенді айтады. Мысалы соңғы кездері Назарбаев отбасына қатысты адамдар қызметтен кетіп жатыр. Нұрлан Нығматулиннің қаңтар айының басындағы үнсіздігі дүрбелең кезінде экс-президентке жақтас болғанын білдіре ме?

– Мен мұның қандай себебі бар екенін нақты айта алмаймын. Бірақ бұл кезде Мәжіліс депутаттарының үнсіз қалмағанын жақсы білемін.

«Айта алмаймын!»

М.Құлшар.

Мәжілісмен Мәлік Құлшардың айтуынша, Нұрлан Нығматулин Мәжілістің төрағасы ретінде заң жобаларының сапалы болуына ықпал еткен. Сондай-ақ ол экс-төрағаның Үкіметтен келетін шикі заңдарға қатысты депутаттардың ұсынысын енгізіп отыратынын ескертті.

Алайда депутат «Нұрлан Нығматулин не себепті қызметінен кетті?» деген сұраққа жауап беруден бас тартты...

Тегтер: