2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қазақстан – Ресей шоколадын ең көп алатын ел

2025 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан Ресейден ең көп шоколад импорттаған ел болды.

Өнім
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Comtrade платформасының мәліметінше, қаңтар мен сәуір аралығында Ресей Қазақстанға жалпы құны 78,3 миллион доллар болатын шоколад өнімдерін жеткізген. Екінші орында — Әзербайжан (23,4 млн доллар), одан кейін Өзбекстан (21,4 млн), Қырғызстан (14,7 млн) және Грузия (8 млн доллар) тұр.

Айта кетейік, бұрын Беларусь те ресейлік шоколадтың негізгі импорттаушылары қатарында болған. Алайда 2022 жылдан бастап бұл ел мұндай мәліметтерді жариялауды тоқтатқан.

Еске салайық, биыл көктемде Қазақстанда шоколад өнімдерін өндіру көлемі едәуір төмендегені хабарланған еді. Сонымен қатар бұл өнімнің бағасы тұрақты түрде өсіп келеді.

Ал Ұлттық статистика бюросының ресми деректері бойынша, азық-түліктің көп түрі бойынша өз өндірісіміз 1990 жылғы деңгейге әлі де жете алмай отыр. Мұның ішінде шоколад та бар.

1990 жылы елімізде 258,8 мың тонна шоколад және шоколадтан жасалған кондитерлік өнім шығарылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 92,4 мың тоннаға дейін төмендеген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия мүшелері не талқылады?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Әскерилер өлімі