USD
USD
USD

Әлеуметтік осал топтарға несие жеңілдігі берілуі мүмкін

Қазақстанда әлеуметтік осал топтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккендерге арналған несие төлеуді кейінге шегеру туралы жоба дайындалды.

Зейнетақы, ақша, есеп
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатта халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтар мен ТЖ салдарынан табысынан айырылған адамдар үшін несие төлеуді кейінге қалдыру қарастырылған.

Құжатта көрсетілгендей, кейінге шегеру кемінде 3 ай мерзімге беріледі. Егер азаматтың табысы төмендегені немесе төтенше жағдайдан зардап шеккені құжатпен расталса, бұл жеңілдік қосымша комиссиясыз ұсынылады.

  • Қолдану шарты – табыстың төмендеуі немесе ТЖ салдарынан қиындыққа тап болу
  • Комиссия алынбайды
  • Қажеттілік – растайтын құжаттарды ұсыну
  • Жағдайды бағалау – өмірлік жағдайдың күрделілігіне байланысты

«Шешім қабылдау кезінде борышкердің қарызды өтеуге қабілетсіздігіне себеп болған жағдайлардың сипаты ескеріледі», – делінген агенттік түсіндірмесінде.

Қоғамдық талқылау 2025 жылдың 24 шілдесіне дейін жалғасады. Қызығушылық танытқан азаматтар «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында өз ұсыныстары мен пікірлерін қалдыра алады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс