USD
USD
USD

Назарбаев университеті Мемлекеттік аудит нәтижелеріне қатысты түсініктеме берді

2024 жылдың екінші жартысында ҚР Жоғары аудиторлық палатасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының 2017 жылдан 2023 жылға дейінгі қызметіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Назарбаев университеті
Фото: NU

Алматы, NEGE. Жалпы Жоғары аудиторлық палата Университеттің халықаралық білім беру мекемесіне айналып, айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті. Университет білім беру бағдарламаларын халықаралық сапа стандарттарына сай етіп, білім беру мен ғылыми зерттеулер деңгейі жоғары екенін көрсетті, бұл көптеген аккредитация және әлемдегі жетекші университеттермен серіктестіктермен расталады.

Бұл ретте аудит барысында анықталған қаржылық бұзушылықтар бюджеттік бағдарлама шеңберінде студенттердің жол жүруі бойынша өтемақыны және мемлекеттік шәкіртақыларды есептеуге байланысты және Университеттің академиялық және ғылыми қызметіне қатысы жоқ.

Аудиторлық есепке сәйкес, Университет және оның ұйымдары белгіленген тәртіппен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі, ол бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Жоғарыда аталған Жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты Университет Жоғары қамқоршылық кеңес пен Қамқоршылық кеңеске тұрақты негізде енгізіп отыратын болады.

Айта кетейік, 2024 жылы университетті республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 50% болды, қалған сома эндаумент-қор және демеушілер, сондай-ақ білім беру, ғылыми-зерттеу және өзге де қызметтерді ұсыну есебінен жиналады.

Конкурстық рәсімдерді қолданбай, сатып алу Назарбаев университетінің Қамқоршылық кеңесі бекіткен Сатып алу қағидаларында көзделетінін хабарлаймыз. Олар стратегиялық серіктес университеттерге, сондай-ақ академиялық және ғылыми қызмет саласында қызмет көрсететін басқа да контрагенттерге қатысты қолданылады.

Өз тарапынан Университет қазіргі қызметтегі көрсетілген кемшіліктерді жоюдан басқа, болашақта осындай тәуекелдерге жол бермеу үшін жұмыс істейтін болады. Бұл ретте Университет жаңа білім беру бағдарламаларын ашуды, ақылы негізде білім алушылар санын ұлғайтуды, жасанды интеллект жөніндегі жобаны және өзге де ғылыми жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды даярлау жөніндегі өзінің стратегиялық міндеттерін іске асыруды толыққанды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар коммерцияландыруға бағытталған және Қазақстанның дамуы мен өркендеуі үшін қажетті инновациялық ғылыми жобалар бойынша жұмыс істеуді жалғастырады.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

.

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ақша