USD
USD
USD

Түркия ресейлік мұнайдан бас тартып, қазақстандық мұнайға ауысып жатыр

Түркияның ең ірі мұнай өңдеу зауыттары ресейлік мұнайдан бас тартып, оны Қазақстан және Ираннан жеткізілетін мұнаймен алмастырып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

ы
Фото: 24.kg

Астана, NEGE. Мәселен, Түркиядағы ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі әзербайжандық SOCAR компаниясына тиесілі SOCAR Turkey Aegean Refinery (STAR) жуырда Ирак, Қазақстан және басқа да Ресейге қатысы жоқ өндірушілерден төрт партия мұнай сатып алған. Мұнай желтоқсан айында жеткізіледі. 

Reuters есептеулеріне сәйкес, бұл тәулігіне шамамен 77–129 мың баррель Ресейден тыс жеткізілімдерді құрайды (жүктеме көлеміне байланысты) және бұл SOCAR-дың ресейлік мұнайды азырақ пайдаланатынын білдіреді.

Жеткізілген төрт партияның бірі Қазақстаннан жөнелтілетін KEBCO маркалы мұнай. Оның сапасы ресейлік Urals маркалы мұнайына ұқсас, бірақ Қазақстаннан алынады. SOCAR-дың STAR мұнай өңдеу зауыты биыл осы қазақстандық маркадан тек бір жүктеме ғана импорттаған, ал 2024 жылы мүлде алмаған.

Түркияның Ресей мұнайын импорттаудан бас тартуына жаңа санкциялар салынуы себеп болған. 

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.