USD
USD
USD

Депутат судьяларға қатысты талаптарды күшейту керектігін айтты

Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов Қазақстандағы судьялардың іс-әрекетіне қатысты талаптарды күшейту керектігін айтты.

d
Фото: Мұрат Әбеновтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Астана, NEGE. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтың айтуынша, соңғы уақытта сот жүйесіне, әсіресе судьялардың әрекеттеріне қатысты шағымдар көбейіп келеді.

Қолданыстағы «Судьялардың мәртебесі және сот жүйесі туралы» заңға сәйкес, судьяларға бірқатар ерекше кепілдіктер берілген. Алайда депутаттың пікірінше, бұл кепілдіктер сот төрелігінің тәуелсіздігін қорғаудың тетігіне емес, жауапсыздық пен шексіз еркіндік құралына айналып отыр.

«Соның бір мысалы – мас күйінде көлік жүргізген судьяның полицияға ұсталғанымен, қарапайым азаматтар сияқты қамауға алынбай, үйіне жіберілуі», – деп жазды депутат.

Оның айтуынша, мұндай оқиғалар қоғамда сот билігіне деген сенімсіздік тудырады. Сондықтан ол «Судьялардың мәртебесі және сот жүйесі туралы» заңға өзгерістер енгізіп, судьяларды жауапкершіліктен іс жүзінде босататын нормаларды алып тастауды ұсынды.

Депутаттың сөзінше, сот билігіне қатысты заңдарға, қажет болған жағдайда Конституцияға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл заңды ашық бұзып, оқиға орнында ұсталған немесе қоғамға қауіпті әрекет жасаған кез келген тұлғаға, соның ішінде судьялар мен депутаттарға да, ерекше мәртебелік артықшылықтар қолданылмауы үшін керек.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Асель Досаева мас күйінде көлік жүргізгені туралы ақпарат тараған.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық