USD
USD
USD

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанда ең ірі қант зауытын салады

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанда ең ірі қант зауытын салады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Al Khaleej Sugar компаниясының президенті Аль Ғурейр Джамальмен кездесуінде айтылды. Ол үшін «Алатау» арнайы экономикалық аймағына кіретін Қонаев қаласы аумағынан 1000 гектар жер бөлінген. 

в
Фото: Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана, NEGE. Инфрақұрылым мәселесіне баса көңіл бөлініп, газ және электр жүйесін тарту бойынша жұмыстар қолға алынуда.

Жобаның бірінші кезеңі аясында қант қызылшасын өсіру үшін 65 мың гектар жер белгіленді, алдағы уақытта кеңейту жоспарланған. Бүгінде жерді бекіту және суару жүйесіне дайындау бойынша қажетті рәсімдер жүргізілуде. Су инфрақұрылымын жолға қою үшін халықаралық қаржыландыру тетігін тарту жоспарлануда. Өңірдегі шаруалар болашақ зауыттың талабына сай болу мақсатында 100 мың гектар жерге қызылша егуге дайын екендерін растады.

«Тараптар жобаны іске асырудың қыр-сырын жан-жақты талқылап, құрылыс жұмысын неғұрлым тезірек бастауға ынта танытты. Тиісті мемлекеттік құрылымдарға қатысты жұмыстарды үйлестіру және жедел шешім қабылдау үшін жұмыс тобын құру ұсынылды. Араб елі тарапы мердігерлік EPC-келісімшарт жасауға да дайын екендерін жеткізді, бұл жылдам іске кірісуге жол ашады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстандағы ең ірі қант зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны «QazaqArab Sugar» ЖШС жүзеге асырмақ. Жобаның жылдық дайын өнім қуаты – 500 мың тонна. Жалпы құны – 313,6 млрд теңге. Жобаны іске асыру мерзімі – 2025-2028 жылдар. 450 тұрақты жұмыс орны құрылатыны айтылған.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.