Мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобалар алмастыра ма?
Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің үшінші отырысы талқыланған сұхбатта Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан, NEGE. «Әрбір жұмыстың жобалық амал-әдіске бейімделуі – өте маңызды шаруа. Өздеріңіз білетіндей, ауқымды корпорациялар мен жеке секторлардағы ірі компаниялар жобалық әдіске көше бастады. Тіпті бүкіл әлемде мемлекеттік жүйелер де осы амалға көшуде. Ұлыбритания, Малайзия елдері бірінші болып жобалық басқаруға өтіп кетті. Бұл тәжірибе посткеңестік елдерде қолданыла бастады. 2018 жылдың өзінде біз жобалық кеңселерді құра бастағанымызды білесіздер. Осы ретте мемлекеттік жоспарлаудың жаңа құралы пайда болады. Ол – ұлттық жобалар деп аталады. Бұл – үш идеялы маңызды міндеттерден тұрады. Ең алдымен бұл шаралар кешені адамцентристік сипатқа ие. Яғни ең алдымен адамдар бірінші орынға қойылады. Қандай да бір жоба адамдарға не әкеленетініне талдау жасалады. Екінші міндет - жобалық әдіс. Ұлттық жоба бүкіл экономикаға әсер ететін болады», - деді Қайрат Келімбетов сарапшы Рахым Ошақбаевпен «Хабар 24» арнасында жүргізген сұхбатында.
Осы кезде Рахым Ошақбаев спикерден «Ұлттық жобалар мемлекеттік бағдарламардың орнына келе ме?» деп сұрады. «Мемлекет басшысының 1 шілдеге дейін негізгі мемлекетік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу жұмысын аяқтау туралы міндеті бар. Ұлттық жобалар – кешенді шаралардың ықшам мазмұны. Олар ең алдымен көзделген мақсатқа жетуді, осы мақсаттардың жеткен сатыларының маңыздылығын, ресурстардың қолжетімділігін көздейді. Бұл жобалар цифрландырылады. Нақты қандай мемлекеттік мақсат көзделіп отырғаны айқындалады. Нақты кім жауапты екені бекітіледі. Бұл бағытта айтарлықтай қаражат бөлінеді. Сол себепті қандай да бір тапсырма қаншалықты орындалып жатқанын талдайтын мемлекеттік органдар мен халықтың арасындағы кері байланыс болғаны дұрыс», - деді ол.