USD
USD
USD

Қазақстанның мемлекеттік қарызы белгіленген лимит шегінде қалады

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекеттік борыштың өзекті жай-күйі және оны басқару жөніндегі шаралар туралы баяндады.

теңге
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Оның деректері бойынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 31,9 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге 21,1% болып, жыл басынан бері 40 млрд теңгеге ұлғайды.

Негізгі өсу факторы – республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және бұдан бұрын тартылған қарыздарды игеру.

Бұл ретте, жалпы ішкі өнімнің өсімі қарқынының арқасында, мемлекеттік борыштың жалпы ішкі өнімге қатынасы төмендеуі жалғасуда:

• 2020 жылғы 29,2%-дан

• 2024 жылы 23,5%-ға дейін.

Осылайша, 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқару тұжырымдамасында белгіленген жалпы ішкі өнімге 32% көлеміндегі мемлекеттік борыш лимиті сақталып отыр.

Бұдан басқа, осы жылдың 24 маусымында Қаржы министрлігі $2,5 млрд сомасына евробондтар орналастырды. Бұл жиынтық борышты ұлғайтпай, 2015 жылғы сыртқы міндеттемелер бойынша алдағы төлемдерді толығымен қайта қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер