USD
USD
USD

2025 жылдың 9 айында Қазақстанда 75,7 млн тонна мұнай және газ конденсаты өндірілді – Энергетика министрлігі

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында отын-энергетикалық кешеннің 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы жағдайы туралы баяндады.

Мұнай химия
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол есепті кезеңде мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 75,7 млн тонна құрағанын немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,2% болғанын атап өтті. Осы жылға жоспар – 96,2 млн тонна.

9 айдағы мұнай экспорты – 60,5 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 114,9%. 2025 жылғы жоспар – 70,5 млн. тонна.

«Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 11,6 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,1% болды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13,7 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланған. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштің 100,7%-ы»,

— деді Ерлан Ақкенженов.

Қазір оқып жатыр

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік