USD
USD
USD

«Аз ішкен денсаулыққа жақсы» – Вице-министр елде алкоголь сатуды шектеу бастамасына пікір білдірді

Ішкі істер министрлігі алкоголь өнімдерін супермаркеттерде сатуға тыйым салып, спирттік ішімдіктерді тек арнайы алкомаркеттерде сатуды ұсынды.

Ішімдік
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ведомство бұл шара қылмыс деңгейін төмендетуге көмектеседі деп санайды.

Журналистер үкіметтің экономикалық блогы өкілдерінен «мұндай тыйым бюджет кірісіне қалай әсер етуі мүмкін және көлеңкелі сауданың артуына әкелмей ме?» деген сұрақ қойды.

«Экономикалық тиімділік – халықтың денсаулығында. Азырақ ішсе, сәйкесінше, халықтың денсаулығы жақсарады. Көптеген елде тек алкоголь өнімдерін сататын арнайы дүкендер бар. Біздің елде де ондай дүкендер бар. Бұл мәселе әлі талқылану үстінде. Әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ, күтейік», – деді Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.

Оның әріптесі, Қаржы министрлігінің өкілі Ержан Біржанов, бұл мәселе бойынша нақты есеп әлі жүргізілмегенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов