USD
USD
USD

Жыл басынан бері теңгенің бағамы 1%-ға нығайды – Ұлттық Банк

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында теңгенің айырбастау бағамының динамикасы туралы баяндады.

Теңге
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол жыл басынан бері теңгенің бағамы бір доллар үшін 519,73 теңгеге дейін, яғни 1%-ға нығайғанын хабарлады.

Сыртқы факторлар бойынша әлемдік сауда соғыстарына байланысты нарықтағы құбылмалылық және Ресей рублінің нығаюы байқалады. Сонымен қатар, мұнай бағасы шамамен бір баррель үшін $70 доллар деңгейінде қалыптасты.

Ішкі факторлар бойынша жылдың алғашқы айларында ұлттық валютаны қолдауға импорттық сатып алудың қысқаруы мен экспорттаушылардың салық төлемдері есебінен валюта ұсынысының ұлғаюы әсер етті.

Сонымен бірге, өткен айдың екінші жартысынан бері валюта нарығында сұраныстың артуына байланысты теңгенің айырбастау бағамының маусымдық өзгерісі байқалады. Оған халық арасында демалыс кезеңінің басталуы, бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік сатып алуды белсенді іске асыруға байланысты заңды тұлғалар жағынан долларға деген сұранысының өсуі негізгі факторы болды. Десе де, бұл өзгерістер қысқа мерзімді және бірқалыпты сипатқа ие.

«Жалпы сыртқы орта қалыпты. Ал ішкі факторлар маусымдық сипатқа ие. Бұл жағдайда айырбастау бағамының айтарлықтай өзгеруі үшін негіз жоқ. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады»,

— деді Тимур Сүлейменов.

Қазір оқып жатыр

Әйгілі ақын Мұхтар Шаханов дүние салды

.

Ірі авиакомпаниялар жанармай бағасының қымбаттауына байланысты рейстерді азайтып жатыр

әуе рейсі

Маңғыстау облысында жылқылар қолайсыз ауа райының салдарынан қырылып жатыр

Маңғыстау облысы

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

Баспана