USD
USD
USD

Алматыда жоғары оқу орындарының студенттері Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант-тестке қатысты

Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант-тестке белсенді түрде қатысып жатыр.

Алматы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Аталған шара азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің бастамасымен, «Халық Банк» АҚ және «Қарызсыз қоғам» қоғамдық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілуде.

Алматы
Фото: gov.kz

Диктанттың мақсаты – азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудың алдын алу, сондай-ақ олардың қаржылық қауіпсіздік қағидаттары туралы хабардарлығын арттыру.

Қатысушылар өз білімдерін тексеріп қана қоймай, диктанттан өткендігі туралы сертификат алуға мүмкіндік алады.
2025 жылғы 14 қазан жағдайы бойынша диктантқа Алматы қаласының 6 мыңнан астам тұрғыны, соның ішінде жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Осындай іс-шаралар «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға және жастар арасында жауапты қаржылық мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур