22 Сәуір 15:13

Маңғыстау облысында 4 жасар бала 6 айлық інісінің басынан теуіп, сүйегін ойып жіберген

Фото:
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында алты айлық сәбидің бас сүйегіне операция жасалды. 4 жасар бала сәбидің басынан теуіп, бас сүйегін деформациялаған, деп хабарлайды 

NewTimes.kz.

Алматы, NEGE. Оқиға 20 сәуір күні болған. Кешкі сағат 19:35 шамасында алты айлық сәби бас-сүйек зақымымен ауруханаға жеткізілген. 

Ата-анасының айтуынша, 4 жасар ағасы абайсызда баланың басынан тепкен. 

"Сәбиге сол сәтте операция жасалды. Балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов сүйекті трепанациялау жолымен сәтті ота жасады. Зақымдалған ойықты қалпына келтіріп, осылайша сәбидің де жағдайы тұрақталды", - деп хабарланды. 

Тегтер: