1 Маусым 15:12

Қалдыбек Құрманәлі Заманбек Нұрқаділов пен Мақпалды Жүнісова туралы айтылмаған шындықты жария етті

Фото:
Белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлі New Alash атты YouTube арнасына сұхбат берді.

Сазгер сұхбат барысында бұрын соңды еш жерде айтпаған сырларымен бөлісті. Оның ішінде Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісоваға қатысты айтылмаған шындықтар ақтарылды.

«Мақпал Жүнісованы қаралады ғой. Соған қарай бүкіл назарды бұрғысы келді. Сол жерде бүкіл өнер адамдарын жинап алып, Мақпалды қорғау керек болды. Мақпал арқылы Заманбекті қорғадық. Себебі Закең өнер адамдарына қаншама көмек берді ғой. Оларға өкімет берген жоқ, Закең өз қалтасынан көмектесті ғой. Міне сол өнер адамдарынан конференцияға бірде бір адам келген жоқ. Бәрі желеу тапты. Тіпті, екі қабатты үй салып берген адам: «Мен Заманбекпен қатты араласқан жоқпын ғой», - деді. Сол жерде бір адам қолдаған жоқ. Көрермен болып келген Ғаббас Қабышұлы азаматтық танытты. Менің алдымда ешкім жоқ еді, сол кісі келіп мені қолдап алдыма отырды», - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

Тегтер: