30 Мамыр 15:35

Лилия Рахтың ісі: Jusan Bank НЕГЕ бөтеннің мүлкін бүлдірді?

Сот
Фото: Коллаж NEGE

29 мамырда «Menmedia.kz» мультимедиялық платформасында «Сәнді (емес) үкім: Лилия Рахтың ісі бойынша сотқа қысым және Jusan Bank мүддесін көздеу» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтті.

Лилия Рахтың адвокаты Виктория Меленцова өзінің қорғауындағы әділдік үшін күресіп жүрген адамның көптеген заң бұзушылық пен кедергіге тап болғаны туралы айтты.

Адвокат атқарушылық іс жүргізу барысында жеке сот орындаушысы К.К.Тарпановтың жылжымалы мүлікті жеке қоймаға сақтауға бергенін түсіндірді. Ал банк қызметкерлері мүлікті қайта санамай немесе жай-күйін тексермей, қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойып алған.

Стилист
Фото: ғаламтордан

Лилия Рахтың тәркіленген мүлкі қалай қолды болды?

Лилия Рах пен оның адвокаты ұзақ уақыт бойы алуы тиіс байердегі тәркіленген заттарына қол жеткізе алмаған. Оның ішінде сәнді киімдер мен аксессуарлардың түрлі коллекциясы бар еді.

«Соттан экономикалық сараптама тағайындауды талап етуге құқығымыз бар. Оған толық негіз де бар. Оның үстіне банк борышкерлер мен сот орындаушыларының тауарға қол жеткізуіне үзілді-кесілді рұқсат бермеген. Олар тек рұқсат беру туралы арызбен сотқа жүгінгеннен кейін ғана заттардың бар екенін растап, рұқсатын берді. Қарыздың нақты сомасын анықтау үшін мерчандайзингтік-экономикалық сараптама тағайындалды», – деп атап өтті заңгер.

Осы жылдың басында Рах пен оның адвокаты мән-жайды анықтау барысында сұмдық жайттарға тап болған. Мәселен, банк қоймасында жылдар бойы сақталған брендтік тауарлардың барлығы ұрланған немесе жойылып кеткен болып шықты!

«Біз Jusan Bank қоймасына келгенде заттардың ұрланғаны белгілі болды. Бұлар банк қоймасынан ұрланып қана қойған жоқ, мүлдем жоқ болып кеткен. Су басқан кезінде барлық мүлік бүлінген. Сот орындаушысы мөр басқан қораптың бәрі ашылған және жойылған», – деді адвокат.

Адвокат
Фото: Men Media

Экономикалық сарапшылар сотта Рахтың келтірген шығынын 574 миллион теңгеге бағалады, бірақ банк бүлінген заттарды өз есебіне алудан бас тартты. Апелляциялық шағым да түсірілді. Бірақ Jusan Bank өкілдері қатыспаған отырыс бар болғаны 15 минутқа созылды.

«Бұл істі үш білікті судьядан тұратын Алматы қалалық соты қарады. Олардың бірі экономикалық сотта ұзақ уақыт жұмыс істеген. Сондықтан бұл шешімді олардың өздері шығарды дегенге сенбеймін. Себебі, үшеуі өзара бір минут 38 секунд қана кеңесті. Осындай сараптаманы қарауға бұл уақыт жеткілікті деп ойлайсыз ба?», – деді адвокат Виктория Меленцова.

Қайталама немесе қосымша сараптама тағайындалмады, ал банк өкілдері сот отырысына келмеген. Адвокат мұндай көріністі алдын ала күткенін де жасырмайды. Бірақ ол банктің ықпалынан шыға алмаған соттың әрекетіне таң қалғанын жеткізіп, бұл сауалдың әзірге жауап таппай отырғанын баса айтты.

Бір қызығы, банк өкілдері тауардың жарамсыз болып қалғанын немесе ұрланғанын жоққа шығармайды. Олар мұны сотта мойындаса да, бірақ барлық кінәні заттардың сақталуына жауапты деген сот орындаушыларына артуға тырысты.

«Егер екі-үш зат қана бүлініп, біреуі ұрланған болса, біз онымен келісетін едік. Бірақ 100-ден астам қымбат заттар ұрланған кезде, бұған бейжай қарай алмаймыз. Одан бөлек 8600-ден астам зат өзге біреулерге берілген. Ең бастысы, бір кездесуде банкирлер маған осы заттарды енді сатуым керек пе еді?» дегенде өзім таң қалдым», – дейді Меленцева.

Jusan Bank сандарды манипуляциялауды жалғастыруда

Баспасөз мәслихатынан кейін бір сағат өтпей-ақ Виктория Меленцеваға Jusan Bank-тен хабарласқан. Банк ымыраға келуді ұсыныпты. Бұл бойынша Лилия Рах 300 миллион теңгені бөліп төлейді, ал банк барлық енгізілген шектеу шараларын алып тастауы тиіс екен. Алайда, Рахтың адвокаты бұл ұсынысты қабылдамайтынын, банк сомаларды өз бетінше өзгертіп жатқанын айтады.

Стилист
Фото: ғаламтордан

«Банк өкілі бізбен кездесу барысында қарыз сомасын анықтайтын белгілі бір кредиттік комитеті бар екенін айтқан болатын. Осы жерде «300 миллион теңге қайдан шықты?» деген сұрақ туындайды. Олар бұл соманы неге баспасөз мәслихатынан кейін ұсынып отыр? Бұл дегеніңіз, олардың әлгі миллиардтаған ақшаны біздің мойнымызға қарыз қылып ілуге ешқандай себеп те, негіз де жоқ екенін растамай ма? Бәлкім, банк ертең касациялық сотта «Рах бізге 200 млрд қарыз» деп отырмақ шығар. Сонда бізді «300 млн-ға келісе салады деп ойлай ма?», – деп қорытындылады пікірін адвокат.