USD
USD
USD

OpenAI қазақ тілін дамытуға атсалысады

Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында Вашингтонда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен OpenAI, Inc. компаниясы ChatGPT-дің қазақ тіліндегі қызмет сапасын арттыру және оны терең дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеуге келісті.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
Фото: Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы

Астана, NEGE. OpenAI компаниясының білім беру және мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі жетекшісі Кевин Миллс пен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қазақ тілінде жасанды интеллектінің дәл әрі сапалы жұмыс істеу әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды талқылады.

Кездесуде қазақ тіліндегі деректер қорын көбейту, тілдік модельдердің дәлдігін жетілдіру және жүйені ұлттық мәдениет, әдебиет пен тарихқа қатысты мазмұнмен байыту мәселелері көтерілді.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы білім беру саласын қолдауға ерекше назар аударып келеді. Ынтымақтастық нәтижесінде мұғалімдерге қазақ тілінде оқу бағдарламаларын, сабақ жоспарларын, дәрістер мен әдістемелік материалдарды жасанды интеллект құралдарының көмегімен әзірлеуге жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Бұл серіктестік – қазақ тілін заманауи технологиялар кеңістігінде дамытуға және оның жаһандық цифрлық экожүйедегі орнын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек