Референдум Референдум
USD
USD
USD

Дастан Сәтпаев мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанды 

«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. 

футбол
Фото: ФК "Қайрат"

Астана, NEGE. Биыл сыйлыққа 300-ден астам үміткер ұсынылып, олардың 294-і комиссияда қаралды.

Аталмыш байқау жеңімпаздары «Ғылым» номинациясы бойынша – 64 , «Дизайн және бейнелеу өнері» – 19, «Спорт» – 27, «Театр және кино» – 41, «Эстрада» – 13, «Журналистика» – 16, «Халық шығармашылығы» – 41, «Қоғамдық қызмет» – 31, «Әдебиет» – 15, «Классикалық музыка» – 27 үміткердің арасынан таңдалды.

Комиссияның құрамында 37 мүше болды. Олардың қатарында депутаттар, саясаткерлер, қоғам белсенділері, мәдениет, өнер, медиа және спорт қайраткерлері бар.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 25 қараша күні өтеді. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталады.

Айта кетейік,  Дастан Сәтпаев – «Қайрат» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы. Футболшы ретінде мансабын 2024 жылы «Қайрат-Жастар» клубында бастады. 2025 жылдың қаңтар айында «Челси» футбол клубы футболшымен 2029 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойды. Трансфер құны – 4.3 млн еуро. Бірақ «Челси» сапына 2026 жылдан бастап қосылады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда