USD
USD
USD

Шымкентте сарбаздардың улануына асхана қызметкері кінәлі деп танылды

Шымкентте №6506 әскери бөліміндегі сарбаздардың жаппай улану ісі бойынша сот аяқталды.

Шымкент
Фото: ашық дереккөз

Астана, NEGE. Оқиға биыл 27 қаңтарда болған. Түскі астан кейін ондаған сарбаз іштің қатты ауыруына, жүрек айнуға және әлсіздікке шағымданған.

Кешке қарай 28 әскери қызметші медицина пунктіне жүгінген, олардың бір бөлігіне Klebsiella pneumoniae және Staphylococcus aureus диагноздары қойылып, ауруханаға жатқызылған.

Тергеу мәліметінше, уланудың себебі – ас үй меңгерушісі ыдыс-аяқты дезинфекциялау кезінде санитарлық талаптарды сақтамауы. 

«Сараптама деректері бойынша, ерітіндінің концентрациясы қалыпты 0,03%-дың орнына 0,0017%-дан 0,012%-ға дейін болған. Соның салдарынан ыдыс-аяқ тиісті деңгейде залалсыздандырылмаған және бұл жаппай жұқтыруға әкелген», – делінген хабарламада.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамай, сарбаздар бөлімшеден тыс жерде тамақтанған болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Алайда сот оны «Жаппай сырқатқа әкеп соққан санитарлық ережелерді бұзу» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған амнистияны ескере отырып, сотталушы негізгі жазадан босатылды.

Сонымен бірге сот оған бір жыл мерзімге қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеуге тыйым салып, 39 320 теңге сомасында жәбірленушілерге өтемақы төлеуді міндеттеді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

.

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Табыс

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Күдікті

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған

Сарбаз