USD
USD
USD

Депутаттың әйелі пәтерін көрсетіп, желіде сынға ұшырады

Депутат Бақытжан Базарбектің әйелі қызметтік пәтерін көрсетіп, желіде сынға ұшырады.

депутат
Фото: видеодан скрин

Астана, NEGE.  Бақытжан Базарбектің жары Әдел Әділова Instagram парақшасында Астанада тұрып жатқан қызметтік пәтерінен видео салған. Олар бұл жерде 2023 жылдан бері тұрып келе жатқанын айтады.

Видеода қарапайым жиһаз бен күйеуінің марапаттары көрсетілген. Тіпті шағын шкафтың есігі сынып қалғанын да жасырмайды. 

«Бұл – біздің теледидар. Көріп тұрғандарыңыздай, ескі модель. Жаңаланбағанына шамамен 20 жыл болған», – дейді Әділова.

Бейнеролик әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Бірі депутаттың отбасы шынымен осындай пәтерде тұрады дегенге күмән келтірсе, енді бірі бұл әрекетті «қарапайым болып көрінгісі келу» деп түсінді. Ал үшінші топ видеоны шынайы деп қабылдап, халық қалаулысының қарапайым жағдайда өмір сүріп жатуында еш әбестік жоқ екенін жазды.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту