Қор нарығын инвестициялай отырып, пәтерге қалай ақша табуға болады?
2024 жылдың басында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-тың ақпаратына сәйкес, жеті миллионға жуық қазақстандықтың өз баспанасы болған жоқ. Сондықтан да, пәтерге ақшаны қалай табуға немесе жинауға болады деген сұрақ әлі де өзекті болып қала бермек. Сонымен, ақшаны қайдан алуға болады?
Тексерілген тәсілдер аса көп емес, бірақ олардың бірі – инвестициялау. Freedom Broker-дің талдаушылары не себепті қор нарығы капитал жинаудың тиімді құралы болып табылатынын, инвестициялардың қандай түрлері қол жетімді және мақсатқа жету үшін инвестициялық портфельді қалай қалыптастыруға болатынын айтып берді. Сондай-ақ қаржылай сауатты болудың, ақшаны дұрыс басқара білудің әрі алға мақсат қоя білудің не себепті маңызды екенін де айтты.
Не себепті қор нарығы
Алдымен қор нарығының артықшылығы неде екенін түсіну қажет. Ең алдымен, бұл – компаниялар өз акциялары мен облигацияларын инвесторларға ұсынатын алаң, аталған инвесторлар осы бағалы қағаздарды дивидендтер, пайыздар немесе акциялар құнының өсуі арқылы табыс алу мақсатында сатып алады. Қор нарығының дауланбайтын артықшылығы – әр түрлі инвестициялық құралдардың, әлеуетті жоғары кірістілік пен өтімділіктің арқасында капиталды жинақтау және көбейту үшін мүмкіндіктерді таңдау. Бірақ бұл жерде мынаны ескеру қажет: неғұрлым жоғары кірістер неғұрлым жоғары тәуекелдермен байланысты болады, оған дайын болу керек.
Сонымен, мақсат мынадай: пәтерге немесе бастапқы жарнаға ақша жинау, мұның бәрі күтетін уақытқа байланысты. Екінші қадам - сатып алу жоспарланатын баспананың нарықтық құнына тұрақтану және қанша ақша жинау керектігін есептеу (бастапқы жарна мен мүмкін болатын қосымша шығыстарды ескере отырып). Міндетті түрде инфляцияны және жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасының өзгерісін ескереміз. Содан кейін, барлық кіріспе деректі ескере отырып, инвестициялау стратегиясын таңдаймыз.
Қор нарығындағы инвестициялаудың негізгі құралдары
Акциялар – меншік иесіне компания табысының бір бөлігіне құқық беретін үлестік құралдар (дивидендтер) және олардың бағасының өсуінен кіріс алу мүмкіндігі.
Облигациялар – компаниялар немесе мемлекет капитал тарту үшін шығаратын борыш құралдары. Олар пайыз түрінде тұрақты табыс ұсынады.
Инвестициялық қорлар және ETF – әр түрлі акциялар мен облигацияларға жинақталған инвестициялар болып табылатын биржалық инвестициялық қорлар портфельді әртараптандыруды қамтамасыз етеді.
Тәуекелді және кірістілікті бағалау
Әр түрлі инвестициялық құралдардың тәуекелдерін дұрыс бағалау аса маңызды. Мысалы, нарықтағы құбылмалылыққа байланысты акциялардың бағасы айтарлықтай өзгеруі мүмкін, сондықтан да өсу болашағы тұрақты және дивидендтік төлемдері жақсы, сондай-ақ баға «құлдырауы» үшін айтарлықтай ұзақ инвестициялық уақыты бар компаниялардың қағаздарын қолданған жөн. Сондай-ақ акциялар нарығының индекстерін қадағалайтын қорларға инвестициялауға болады.
Облигациялар пайыздарды төлеу арқылы тұрақты кірістілікті қамтамасыз ететін неғұрлым тұрақты қаржы құралы болып саналады. Бірақ оның деңгейі басқа құралдарға қарағанда біршама төмен. Бұл инвестициялық нұсқа күте тұруға болатын немесе оны портфельдің бір бөлігіне айналдыратын немесе жақсы бағамен сатып алу мүмкіндігі болатын жағдайларда қолайлы болуы мүмкін, бұл депозиттермен салыстырғанда айтарлықтай қосымша табыс әкелуі мүмкін. Мұнда белгілі бір пайызды ұсынатын сенімді тексерілген эмитенттердің облигацияларына назар аудару керек.
Активтер мен шешімдердің кең ауқымын ұсынатын әр түрлі инвестициялық қорлардың стратегияларын зерттеу де пайдалы болады. Инвестициялық қорлар бұл - қаражат салудың неғұрлым әртараптандырылған тәсілі. Қаласаңыз, жеке мүмкіндіктер мен мақсаттарға сәйкес келетін нұсқаларды таңдауға болады.
Айтпақшы, инвестициялауда кем дегенде үш қағидатты ұстанған жөн:
1. Портфельді әртараптандыру. Инвестицияларды әр түрлі активтерге бөлу арқылы өзгермейтін тәуекелдерді азайтып, сәтсіз салымдардың жалпы капиталға ықпалын азайтуға, сондай-ақ тұрақты кірістілікті алу мүмкіндігін арттыруға болады.
2. Инвестициялар «жалқауларға» арналмаған. Акцияларды немесе облигацияларды банктердегі депозиттер сияқты жай ғана сатып алып, олардан қашан табыс келіп түсетінін күтуге болмайды. Белгілі бір соманы бір айға немесе тоқсанға салу жоспарларын тұрақты түрде әзірлеу қажет. Бұл нарықтағы ауытқуларға уақтылы ден қоюға, капиталдандыру әсерін пайдалануға және уақыт өте келе капиталды арттыруға көмектеседі.
3. Жағдайды бақылау. Инвестициялар табысты болуы үшін қор нарығын мұқият қадағалап, инвестициялық портфеліңізді үнемі түзетіп отыру қажет. Табиғи апаттардан бастап әлемдегі саяси жағдайға дейінгі факторлардың барлығы ықпал ететін жылдам өзгеретін жағдайда тәжірибе көрсеткендей, тепе-теңдікті оңай болмаса да, сақтауға болады.
Мақсатқа жету стратегиясы
Мақсат біреу – пәтерге ақша жинау, ал бірақ оған жетудің бірнеше стратегиясы болуы мүмкін. Олардың бірі - ұзақ мерзімді инвестициялар. Олар күрделі пайыздардың әсерін және капиталдың өсуін «ұзақ қашықтықта» пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл пайдалы болуы мүмкін, бірақ шыдамдылық пен нарықтағы уақытша өзгерістерге дайындықты қажет етеді.
Тұрақты инвестициялар нарықтағы ауытқулардың ықпалын азайтып, тәуекелдерді азайтуға көмектеседі, сондай-ақ нарыққа кіру нүктесін болжамаудың оңай тәсілі. Тұрақты соманы үнемі инвестициялау активтерді әр түрлі бағамен сатып алуға мүмкіндік береді, бұл ұзақ мерзімді нәтижелерді жақсарта алады.
Инвестициялардан келіп түсетін кірістерді (дивидендтер, пайыздар) қайта инвестициялау капиталды жинақтауды жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл кірістер автоматты түрде қосымша активтерге салынуы мүмкін, бұл олардың одан әрі өсуіне ықпал етеді.
Практикалық кеңестер
Инвестициялауды бастамас бұрын брокер мен инвестициялық платформаны таңдау қажет. Брокер сенімді, беделі жақсы және жағдайлары қолайлы болуы тиіс. Комиссияларға, қолжетімді құралдарға және платформаны пайдаланудың ыңғайлылығына назар аударыңыз.
Жоғарыда айтылғандай, талдау және мониторинг басымдыққа ие. Нарықтағы жағдайдың өзгеруіне және жеке мақсаттарға байланысты портфеліңізді үнемі тексеріп, түзетіп отырыңыз. Қаржылық жаңалықтарды қадағалап, олардың инвестицияларға ықпалын талдаңыз.
Пайыз бойынша жылдық кірістіліктің үш нұсқасын қарастырыңыз. Егер нөлден бастап, ай сайын 200 АҚШ долларынан салым салып, жылдық 8% (ай сайынғы капиталдандырумен) табыс тапсаңыз, онда 15 жылда табыс шамамен 70 мың АҚШ доллары болмақ. Жылдық 2% инфляцияны ескергеннің өзінде 15 жылдан кейін 70 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі ағымдағы құны 52 мың АҚШ долларына тең болады, бұл пәтер сатып алуға жеткілікті. Егер жылдық 11% туралы айтатын болсақ, онда дәл осындай жағдайда түпкілікті сома 91 мың АҚШ долларын немесе 67,6 мың АҚШ долларын құрайды. Ең пессимистік пайыздық мөлшерлеме 5% болғанда, ол 53 мың АҚШ долларын немесе 39,7 мың АҚШ долларын құрайды.
Өзгенің қатесіне қарап, сәтті мысалдардан сабақ алуды үйреніңіз. Инвесторлар қор нарығы арқылы пәтерлерге ақша жинаған жағдайлармен танысуға уақыт бөліңіз. Мысалы, ақша жинауды аз сомадан бастап, салымдарын біртіндеп көбейткен инвесторлар көбі тәртіп пен ұзақ мерзімді тәсілдің арқасында мақсатқа жетті. Әртараптандырудың жеткіліксіздігі, шамадан тыс алып-сатарлық және эмоционалдылық сияқты жалпы қателіктерден аулақ болыңыз. Инвестициялық стратегияны есептеуге көмектесу үшін мамандарға жүгінуден қорықпаңыз.
Осылайша, қор нарығы арқылы пәтерге ақша жинау үшін өз мақсаттарыңызды айқындап, әртараптандырылған портфель құрып, таңдалған тактиканы нақты ұстану қажет. Инвестицияларды үнемі мониторингтеу және түзету дұрыс жолда қалуға көмектесетінін ұмытпаңыз. Ұзақ мерзімді табысқа жету жолында жеке қаражатыңызды басқару үшін қаржылық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын ұмытпаңыз.
* Назар аударыңыз! Нарық пен бағалы қағаздар бойынша барлық жалпы ұсыным әрекет жасауға дербес шақыру емес. Тек өзіңіз алға мақсат қойып, жеке жағдайларыңыз жайында білесіз. Инвестициялауды бастайтыныңызды немесе бастамайтыныңызды, қай сомадан бастайтыныңызды, ай сайынғы кірістің қанша пайызын «іске қосқыңыз» келетінін тек өзіңіз шешесіз.
Freedom Finance Global PLC (www.ffin.global) Қазақстан, «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген. Компания бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтерді 2020 жылғы 20 мамырдан бастап ұсынады. AFSA AIFC берген AFSA-A-LA-2020-0019 лицензия.
Берілген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және әр түрлі компаниялардың бағалы қағаздарына инвестициялауға жеке инвестициялық ұсыным немесе ұсыныс емес. Бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына инвестициялау қашанда капиталды жоғалту қаупіне байланысты. Болжамдар мен өткен көрсеткіштерді болашақ көрсеткіштердің сенімді индикаторлары ретінде қарастыруға болмайды. Кез келген мәмілені жасамас бұрын өз талдауыңызды жасау маңызды. Клиент инвестициялық шешімдер қабылдауға байланысты тәуекелдерді бағалауға жеке-дара жауапты. Толығырақ ақпарат Компанияның www.ffin.global сайтында орналастырылған Бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер туралы декларацияда (Бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентіне 4-қосымша) бар.
Компания инвестициялардың болашақ кірістілігіне, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кірістің тұрақтылығына кепілдік бермейді және уәде бермейді, сондай-ақ Клиенттің инвестициялық шешімдерінің нәтижесінде туындайтын кез келген шығындар немесе жіберіп алған пайда үшін жауап бермейді.
Бұл материал Компанияның қолданыс мерзімі жоқ жарнамалық ұсынысы (Financial Promotion) болып табылады, шектелмеген тұлғалар тобына арналған.