Қазақстан-қырғыз шекарасындағы ахуал шешілді ме?
Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау және тауарлардың көлеңкелі айналымын төмендету мақсатында ҚР ҚМ МКК 2019 жылдың басынан бастап ЕАЭО елдерімен шекарада өткізілетін жүктерге мониторингті жүзеге асырады. Бұл мәселе ЕЭК отырысында Қырғыз Республикасының Вице-премьері Э.Ш. Асрандиевтің қатысуымен талқыланып, бірлескен жұмыс тобын құру қажеттілігіне тоқталды.
Алматы, NEGE. Айта кету керек, тұлғалар мен банкроттар атына 10,3 мың тауарларға ілеспе құжат ресімделгені, яғни жалған транзиттің 13 мыңнан астам фактісі анықталды. Тек бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ҚР арқылы РФ-ға транзит ретінде жүктердің 17%-ы ҚР-да қалған.
Мұндай көлеңкелі тауарлар бюджетке зиян келтіретіні анық. Бұл фактілердің барлығы Қырғыз Республикасының құзыретті органдарына жеткізілді.
2019-2020 жылдар ішінде ЕАЭО және ДСҰ алаңында, екіжақты форматта, құзыретті органдар мен Үкіметтер деңгейінде бірқатар кездесулер болғаны белгілі. Биыл ақпан айында өткізілетін жүктер бойынша алдын ала ақпараттармен алмасу, навигациялық құлыптарды және екі елдің ақпараттық жүйелерінде бар деректерді пайдалану арқылы тауарлардың көлеңкелі айналымын төмендету мәселелерінде өзара іс-қимылдың қажеттілігі талқыланды. Бұл өркениетті сауда-саттықты ұйымдастыруға және екі мемлекеттің бюджет кірістерінің артуына ықпал етуші еді. Алайда, кездесу хаттамасына қырғыз тарапынан қол қойылмады, пошта арқылы жолданған нұсқасы жауапсыз қалды.
Қырғыз тарапынан сындарлы диалогтың орнына Қырғыз Республикасындағы ішкі салықтық әкімшілендіруді сауда кедергісі деп тану мақсатында шекарадағы жағдайды әдейі шиеленістіріп, арандатуда. Қазіргі уақытта шекарада автокөлік құралдары кетпелес жасауда. Бұған жеміс-көкөніс өнімдері маусымының басталуы және ҚХР-мен сауда-саттықты жандандыру, COVID-19 байланысты 5 автомобиль өткізу пунктінің жұмысының тоқтауы себеп болуда.
2020 жылғы 3 маусымда «Қарасу» АӨП және «Ақтілек-автожол» АӨП-да тұрып қалу себебін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы өкілдерінің жұмыс кездесуі өткізілді. Бақылау рәсімдерінің хронометражы өткізу пункттерінде 30-35 минут, оның ішінде ҚР салықтық бақылау үшін құжаттарды сканерлеу 3 минутты алғанын көрсетті.
Бұл ретте, Қырғыз тарапы хронометраж өткізу кезінде ПТР тест тапсырғаннан кейін жүргізушілер нәтижелерін күтпестен, тек сауалнаманы толтырып ғана ҚР-на шығарылғанын растады. Осыған байланысты өткізу пунктінде оны жасаудың қажеті қанша деген сұрақ туындайды?
Қазақстан тарапы шекарада кезекті болдырмау үшін мұндай тестілеуді тысқары жерде өткізуде.
Алайда, қарсы жолақпен кезектен тыс өту қызметін ұсынатын "өткізіп жіберушілерге" Қырғызстан жүргізушілері наразылық білдіруде. Бүгінгі күні тәулігіне 200-ге жуық жүк және сондай басқада автокөлік құралдары шекарадан өтуде. Шекараның Қазақстан учаскесінде тауар-көлік жүкқұжаттарын сканерлеуді есепке ала отырып, жүк АКҚ өту уақыты 15-20 минутты құрайды.
Қалыптасқан мән-жайларды назарға ала отырып, қырғыз тарапын өркениетті сауда-саттықты ұйымдастыру және бюджет пен бизнес мүддесі үшін көлеңкелі айналымды қысқарту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауға шақырамыз. Бірлескен шаралар қабылдамай бұл мәселені шешу мүмкін емес.